Құпиялық саясаты
Бұл құжат Merekefy сайты қандай дербес деректерді жинайтынын, не үшін және қалай сақтайтынын түсіндіреді. Деректер «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңделеді.
1. Деректерді кім өңдейді
Merekefy сайтының иесі.
2. Қандай деректер жинаймыз
Той иесі: аты, WhatsApp нөмірі, шақыру деректері (есімдер, күні, орны, бағдарлама, өзіңіз жүктеген фото), тіл.
Қонақтар: аты, жауабы (келеді ме, неше адам), қай жақтан екені және үстел нөмірі.
Мамандар: аты, қаласы, байланыс деректері, жұмыс фотолары мен бағалары.
Telegram: ботты өзіңіз қоссаңыз, чат нөмірі мен телефон нөміріңіз; ботқа жазған хабарларыңыз бен біздің жауаптарымыз (оларға команда жауап беру үшін).
Техникалық деректер: кіру cookie файлы, құрылғы мен браузер түрі (құрылғылар тізімі үшін), сайт тілі. Конструктордағы черновик сіздің браузеріңізде сақталады.
3. Не үшін
Тапсырысты орындау, шақыруды қонақтарға көрсету, тапсырыс бойынша хабарласу, кабинетке кіру және қауіпсіздік (кірулер журналы).
4. Кімге беріледі
Деректерді жарнама үшін ешкімге бермейміз және сатпаймыз.
Деректер біздің тапсырмамызбен сайт пен деректер базасын сақтайтын қызметтердің серверлерінде тұрады.
Қонақтар сілтеме арқылы той иесі шақыруға салған мәліметті ғана көреді.
5. Сіздің құқықтарыңыз
Деректеріңізді білуге, түзетуге, жоюды сұрауға және келісімді қайтарып алуға құқығыңыз бар. Ол үшін бізге жазыңыз: Telegram @MerekefyBot немесе help@merekefy.kz.
6. Қорғау
Құпиясөздер ашық түрде сақталмайды. Кіру бір реттік кодпен немесе құпиясөзбен. Команда тек өзіне ашылған бөлімдерді көреді.
7. Cookie
Cookie тек кіру мен сайт тілін есте сақтау үшін керек. Жарнамалық cookie қолданбаймыз.
8. Өзгерістер
Саясат өзгерсе, жаңа нұсқасы осы бетте жарияланады, жоғарыда күні көрсетіледі.